Бір аптада Қазақстанда қанша қылмыс тіркелді?
Бір аптада Қазақстанда қанша қылмыс тіркелді?
Фото: almaty.tv
291
оқылды
Өткен бір аптада Қазақстанда 2754 қылмыс тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, полицейлер ізін суытпай 8 кісі өлтіру дерегінің мән-жайын анықтады. Бір аптада 2754 қылмыс тіркелді. Оның 1670-сы бір тәулікте ашылды. Полицейлер 8 кісі өлтіру дерегінің ізін суытпай ашты. Сондай-ақ 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 1 қарақшылық, 40 тонау және 376 бөтен мүлікті ұрлау фактісі ашылды. Бұған дейін фитнес клубтарда ұрлық жасаған ер адам туралы жазған болатынбыз.