Келер жылы Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тарифі өседі
Келер жылы Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тарифі өседі
Фото: inbusiness.kz
636
оқылды
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елімізде коммуналдық қызмет тарифтерінің қалай өзгеретіні туралы айтты, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Келер жылдың екінші жартыжылдығынан бастап тиісті өзгерістер болады. Өйткені субъектілер жұмысын жаңартып, желілерін жаңартуы қажет. Президент сайлауалды бағдарламасында тиісті көрсеткіштерді белгіледі. Есептеулер аясында біз тозған желілер көрсеткішін 15-20%-ға азайтамыз. Тариф өседі, басқа жол жоқ. Ең күрделі нысандарды бірінші кезекте назарға аламыз. Олар жан-жақты зерттеліп жатыр. Осыған байланысты тиісті тарифтерді көтеру мәселесі қарастырылады», – деді ол  Сенат отырысында.
Министрдің айтуынша, Екібастұзда субъект тарифті 2,5 есеге көтеруді ұсынған.
«Әрине, ондай деңгейге көтеру мүмкін емес. Сондықтан біз оны әлі де талқылаймыз. Тарифтерді көтеру аясында халықтың жағдайы ескерілетін болады. Тұтынушыларға қиындық туғызбас үшін мәселе жан-жақты қарастырылады», – деді Ә.Қуантыров.