7 өңірде ескерту жарияланды
7 өңірде ескерту жарияланды
203
оқылды
Республиканың 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды. Абай облысында Семейде екінші деңгейлі қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланды. ШҚО-да Өскеменде, Риддерде екінші деңгейлі қолайсыз метеорологиялық жағдай болады. Жетісу облысының таулы аудандарына тұман түседі. Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, 25 м/с-ке жетеді. Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Маңғыстау облысының солтүстігі, оңтүстігі, орталығына тұман түседі. Түркістан облысының оңтүстігі, батысы, таулы аудандарына тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін.