Анекдот
Анекдот
528
оқылды
Әйелі күйеуне: – Неге үйленбей тұрып, кедей екеніңді айт­падың? – деп сұрапты. Сонда күйеуі былай деген екен: – Айттым ғой, барым да, нарым да сен деп... ***  Қожанасырдың құлағы елден ерекше үлкен болса керек. Бір отырыста қала әкімі мұқатпақ болып: – Қожеке, ана жақта құлақ бөлінгенде, бірінші болып барғансыз-ау? – дейді. Сонда Қожекең: – Жоға, мен барсам, есектің басын сіз алып кетіпсіз, амал жоқ, құлағын алып кеттім, – деген екен. *** Таксимен межелі жеріне жеткен Қожанасыр жүргізушіден: – Қанша берейін? – деп сұрайды. – Мың теңге. Қожекең бес жүз теңге береді. Таксиші ашу­ланып: – Мен сізге мың теңге дедім ғой? – дейді. Сонда қожанасыр: – Неменеге айқайлайсың? Екеуміз бірге кел-ген екенбіз, бөліп төлейміз! – депті.   *** – Әуре боламай-ақ қойыңыз, шығарып сал­май-ақ қойыңыз... – О не дегеніңіз? Қонақ шығарып салғанда мен сон­дай бір рахаттанып қаламын... *** – Қазір қай газетті жақсы оқылады деп айта ала­сыз? – Әрине, біздің аудандық газет! Ет жеген кезде, қо­лыңды сүртсең, майын жақсы алады. Басқа ау­дандық газетпен қол сүртсең, қолыңа қара сиясы жұғады. Қол сүртуге біздің газет таптырмайды ғой, таптырмайды! *** Бірде қазақ жігіті Францияға бармақшы болады. Бірақ ол Француз тілін білмейді екен. Содан досына келіп, ақыл сұрайды. Досы айтыпты: – Оның несі қиын, сөздің басына «Ф» әрпін қойып сөйлей берсеңші? Бір айдан соң әлгі жігіт Франция ұшағынан түсіп жатыр дейді. Содан Париждің көшелерінде ал келіп, адасады. Амал жоқ, алғаш кезіккен жігіттен: – Фауырым, фұл фай фөше? – деп сұрайды. Сөйтсе, әлгі жігіт: – Фратан, фөзім де філмеймін! – деген екен. *** Әрбір шеккен темекі өмірімізді екі сағатқа қысқартады, әр ішкен арақ өмірімізді үш сағатқа қысқартады, әр жұмыс күні өмірімізді сегіз сағатқа қысқартады! *** Бір еркек базарда сауда жасап тұр. – Мынау не? – Алма. – Маған бір келісін беріңіз және әрбірін жеке-жеке орап беріңіз. – Мынау не? – Жаңғақ. – Бұдан да бір келісін беріңіз, сосын, әр талын орап беріңіз. – Ал, мынау не? – Мейіз ғой, бірақ ол сатылмайды! *** Беделді бір кісінің келіні қыз туады. Бұған көңі­лі толмаған әлгі кісі перзентхана бастығына те­ле­фон шалады. – Менің немерем ұл болсын деп едім ғой? Сонша ақшаны сізге не үшін бердім? – Ашуланбаңыз, ауыстырып береміз...  

 Ақмарал АБДРАМАНОВА