Оралда із-түзсіз жоғалған жас жігіттің мәйіті орманнан табылды
Оралда із-түзсіз жоғалған жас жігіттің мәйіті орманнан табылды
Фото: gov.kz
1,743
оқылды
Оралда жоғалып кеткен 21 жастағы жігіттің мәйіті табылды. БҚО Полиция департаментінің мәлім еткеніндей, марқұмның мүрдесі 25 желтоқсан күні сағат 10:30-да Деркөл кентіндегі орманнан асулы күйінде табылды.
«21 жастағы жігітке 24 желтоқсан күні іздеу салынған болатын. Ол 21 желтоқсан күні сағат 22:00-де Деркөл кентіндегі үйінен шығып кеткеннен оралмаған еді. Мүрде сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабына (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген ресми мәліметте.
Бұған дейін Атырауда жоғалған жігіттің мәйіті бейіттен табылғаны туралы жазған болатынбыз.