Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері анықталды
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері анықталды
Фото: yandex.kz
12,769
оқылды
2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда) 108 960 теңге болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша елімізде 2 миллион 276 мың зейнеткер тұрады. 11 айда 2,7 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді. 2022 жылғы қарашада зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 245,9 миллиард теңге бөлінді. Оның 74,9 миллиард теңгесі базалық зейнетақыға, 171 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленді. 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы өседі. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері келесі жылы 40 567 теңгені болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты, сондай-ақ ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 60%-ға дейін ұлғаюына байланысты ұлғайтылады. Осылайша, базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақының ең төменгі мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 68 223 теңгеден (2022 жылы) 77 417 теңгеге дейін өседі.