Еліміздің бірнеше өңірі бойынша дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің бірнеше өңірі бойынша дауылды ескерту жарияланды
660
оқылды
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. ҚМЖ 28 желтоқсан сағат 21:00-ден 29 желтоқсан сағат 21:00-ге дейін Семей, Риддердегі қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескертуі сақталады. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстік-батысында көктайғақ болады. Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман болады. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғады. Өңірдің солтүстігінде тұман болады. 28 желтоқсан сағат 21:00-ден 29 желтоқсанғы сағат 21:00-ге дейін Өскеменде де қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды. Маңғыстау облысында жауын-шашынды, (қар, жаңбыр), көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші — 15-20 м/с. Шымкентте 29 желтоқсанда түнде тұман болады. Қостанай облысында қар жауады. Өңірдің батысында жаяу бұрқасын соғады, оңтүстігінде тұман.