Астана тұрғынын ұрып-соғып, 5 мың долларын алмақ болған екі күдікті Жамбыл облысында ұсталды.
2022 жылғы 26 желтоқсанда Астананың Сарыарқа аудандық полиция бөліміне қаланың 23 жастағы тұрғыны өзін тонамақ болғанын айтып арызданған. Ер адам белгісіз адамдардың оны ұрып-соғып, денесін жарақаттағанын және сөмкесінің ішінен 5 мың доллар қаражатын ұрлау әрекеттері жүзеге аспаған соң, белгісіз бағытқа қашып кеткенін баяндады.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу не қылмысқа оқталу) және 191-бабы 2-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілерді іздестіру бойынша бағыттама барлық өңірдегі полиция қызметтеріне жолданған.