2023 жылы елімізде жанар-жағармай бағасы өсе ме?
2023 жылы елімізде жанар-жағармай бағасы өсе ме?
© azattyq-ruhy.kz
2023 жылы елімізде жанар-жағармай бағасы көтеріліп кетпей ме? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Болат Ақшолақов жауап берді, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Министр жанар-жағармай бағасы маңызды сұрақтың бірі екенін атап өтті.
– «Қазіргі бұйрықтың күші 2023 жылғы 9 қаңтарда аяқталады. Шешімге сәйкес АИ-92, АИ-93 және дизель отынының бағасын өзгертпейміз. Келесі үш тоқсан бойы қазіргі бағаны сақтап қалу бойынша жұмыс істеп жатырмыз», – деп қысқа жауап берді Болат Ақшолақов.