Самара-Шымкент тасжолының бір бөлігі жабылды
Самара-Шымкент тасжолының бір бөлігі жабылды
723
оқылды
Қызылорда облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңыздағы жолдың бірқатар бөлігі жабылды. Қызылорда облысында ауа райының жағдайы нашарлай түсті. Қарлы боран, боран көрінуді шектеп жатыр.
«Осыған байланысты елорда уақытымен 18.20-ден бастап республикалық маңыздағы Самара-Шымкент тасжолында автокөліктің барлық түріне 1240-1474 шақырымында қозғалыс жабық екенін хабарлаймыз. Ол Ақтөбе облысының шекарасынан Әйтеке би кентіне дейінгі аралықты қамтиды», – деп жазылған облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.