Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Олардың мәліметінше, жаңа жыл түнінде Қазақстандағы перзентханаларда 240 сәби дүниеге келген.
Мереке түнінде жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында 44 бала тіркелсе, Атырау облысында 29 бала дүниеге келген. Ал Алматыда 28 отбасы жаңа мүшемен толықты.
– "Жаңа жыл түні республика астанасында 17 сәби дүниеге келді. Ал республика бойынша туылған 240 сәбидің 125 ұл және 115 қыз, оның ішінде бір жұп егіз", – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.