Кімдерге мандарин жеуге болмайды?
Кімдерге мандарин жеуге болмайды?
©Сурет интернеттен алынды
1,392
оқылды
Дәрігер кімдерге мандарин жеуге болмайтынын айтты. Оның айтуынша, бүйрегі ауыратын адамдар мандариндерді абайлап жеу керек екен. Себебі, оның құрамында бүйрек тастарының қозғалысын тудыратын қышқылдар бар. Сонымен қатар жоғары санатты дәрігер Сергей Длин қант диабеті мен асқорыту жүйесі ауруларына шалдыққандар мандарин жеуден бас тартуы керегін жеткізді. Өйткені бұл жеміс қышқылдықты арттырып, ішек пен асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді. – «Асқорыту жүйесі аурулары: гастрит, колит, асқазан жарасы, сондай-ақ ұйқы безі мен өт қабында проблемалары бар адамдарға қышқыл жемістер ұсынылмайды», – дейді дәрігер. Длин бұл жеміс түрін қант диабетімен ауыратын адамдар да жеуге болмайтынын айтады. Себебі мандарин қандағы қант деңгейін көтереді екен.