Жерге алып комета жақындап келеді
Жерге алып комета жақындап келеді
Астероидтарды байқау қиынға түскен. Өйткені, олар Жер мен Венера арасындағы орбитада орналасқандықтан оларды көруге Күн сәулесінің жарығы кедергі болған. Getty Images агенттігінен алынды
6,292
оқылды
Күнді әр 50 мың жыл сайын айналып өтетін C/2022 E3 (ZTF) кометасы Жерге жақындап келеді. Соңғы рет аспан объектісі неандертальдықтар өмір сүрген кезде Жер үстінен ұшып өткен екен. Бұл жайынды  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады. Астрономдар С/2022 E3 (ZTF) кометасын наурыз айының басында анықтады.  Содан бері ұзақ мерзімді комета айтарлықтай жарқырап, Солтүстік Корона солтүстік шоқжұлдызының үстінен ұшып жүр. Комета қазір Жерден 188 миллион шақырым қашықтықта орналасқан. 2023 жылдың 1 қаңтарында ол Күнге максималды түрде жақындады, ал 1 ақпанда біздің планетамызға мүмкіндігінше жақындайды. Жақында ғалымдар кометаның алғашқы анық фотосуретін түсірді. Комета жуырда бізге шамамен 41,8 миллион шақырымға жақындаған кезде оны жай көзбен көруге болады. C/2022 E3 (ZTF) 2020 жылдың шілдесінде NEOWISE кометасынан кейін көзге көрінетін алғашқы комета болады.