Алматы қаласында полицияға «Адем» сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен. Осыдан кейін ғимараттан адамдарды шұғыл эвакуациялады. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлады.
Бүгін таңғы сағат 09:59 шамасында жедел басқару орталығына «Адем» сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті.
– «Қаланың жедел және төтенше жағдайлар қызметтері алғашқы ден қою шаралары аясында ғимаратта тексеру жүргізді. Келушілер мен сауда үйінің қызметкерлері эвакуацияланды», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ғимараттан жарылғыш зат табылған жоқ.
Полиция жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар таратқан адамды анықтап жатыр. Ол қылмыстық жауапқа тартылады.