Ауа райына байланысты республикалық жолдардың 29 учаскесі жабылды
Ауа райына байланысты республикалық жолдардың 29 учаскесі жабылды
214
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар жол жабылды.

«Сағат 21.45-тегі ақпаратқа сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 29 учаскесі әлі де жабық. Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай және Павлодар облыстарындағы тасжолдарда қозғалысқа енгізілген шектеу сақталды», - делінген «ҚазАвтоЖол» жазбасында.