«Жасыл ипотекамен» жаңа пәтер
«Жасыл ипотекамен» жаңа пәтер
363
оқылды
Бұл ипотекамен пәтерді тек Omir, Гост Р, Breeam, Leed сертификаттары бар тұрғын үйлерден алуға болады. Отбасы банкі «Жасыл ипотека» жаңа тұрғын үй бағдарламасының негізгі шарттарын жариялады. Бастапқы жарна: 20%, ал жылдық пайыздық мөл­шерлеме: 12,5% (кейін 3,5-5%-ға дейін төмендейді), ЖТСМ: 13.3%, несие сомасы: 35 млн теңге. Айта кету керек, ипотекаға тек жаңа пәтер алуға болады, яғни қайталама нарықтағы пәтерлер бұл несиеге рәсімделмейді. Сондай-ақ пәтерді тек Omir, Гост Р, Breeam, Leed сертификаттары бар тұрғын үйлерден алуға болады. Тұрғын үй бағдарламасы биыл іске қосылады. Нақты уақыты әзірге белгісіз. Еске салсақ, төмен пайызды «Жасыл ипотека» ту­ралы Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова алғаш рет былтыр маусымда хабарлаған болатын. Ол бұл жобаның бірінші кезеңі халықаралық қаржы ұйымдары, ал екінші кезеңі арнайы облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылатынын айтқан бо­латын.

Ж.АСҚАРБЕК