Мемлекет басшысы жаңа министрлерді қабылдады
Мемлекет басшысы жаңа министрлерді қабылдады
409
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа­дан тағайындалған Индустрия және инфра­құрылымдық даму министрі Марат Қара­баевты, Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы, Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловты, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты және Әділет министрі Азамат Есқараевты қа­былдады. Кездесу барысында Мем­лекет бас­шысы ми­нистр­лік­тердің жауап­кер­ші­лігін­дегі мемлекеттік және сала­лық бағ­дарламаларды, ұлттық жобаларды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына назар ау­дарды. Қасым-Жомарт Тоқаев Ин­­дустрия және инфра­құ­ры­лымдық даму министрі Марат Қарабаевқа геология және жер қойнауын пай­далану са­ласын реттеу, көлік-логистика әлеуеті мен өңдеу өнер­кә­­сібін дамыту, сондай-ақ тұр­ғын үй құры­лысының көлемін арт­тыру жұмыстарын тапсырды. Тоқаев пен министр Экология және табиғи ре­сурс­­тар министрі Зүлфия Сү­лей­­меноваға су мә­селе­сі­нің саясаты мен табиғи ре­сурстарды реттеу, көгал­дан­дыру және азаматтарды эко­логиялық тұрғыда тәрбиелеу мін­деттері жүктелді. Мәдениет және спорт ми­нистрі Асхат Ораловқа ту­риз­мді, бұ­қаралық спортты және мәде­ниет саласын да­мыту жөнінде бірқатар тап­сырма берілді. Президент Оқу-ағарту ми­­­нистрі Ғани Бей­сембаев­қа «Жай­лы мектеп» ұлттық жо­басының уақы­тылы жүзе­ге асырылуын қам­та­масыз ету, сондай-ақ мектептегі және мектепке дейінгі білім беру са­пасын арттыру жө­нінде тап­сырма берді. Әділет министрі Азамат Ес­қараевқа заңнаманы және нор­мативтік-құқықтық ба­заны одан әрі жетілдіру жө­нінде бірқатар міндет жүк­телді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев аза­маттармен ты­ғыз жұмыс істеп, олардың мәсе­лелерін уақытылы шешу қажет екенін атап өтті.