23 мыңнан астам турист Жаңа жылды Қазақстанда қарсы алған
23 мыңнан астам турист Жаңа жылды Қазақстанда қарсы алған
343
оқылды
Жаңа жылды Қазақстанда қарсы алуға 23 мыңнан астам турист келді. Бұл туралы Kazakh Tourism ұлттық компаниясы хабарлады. EQonaq ақпараттық-талдау жүйесінің мәліметі бойынша, елімізде Жаңа жыл мерекесін атап өтуге 23 мыңнан астам турист келген. Бұл - 2022 жылғы 26 желтоқсан мен 2023 жылдың 4 қаңтары аралығын қамтитын есеп. Туристердің жартысына жуығы (9 мың) Алматыға және 5,1 мыңы Астанаға келді.
«Бір қызығы, Жаңа жылды қарсы алуға келгендер таңдаған ТОП-5 өңірдің ішінде Ақтөбе, Павлодар және СҚО бар. Яғни, суық өңірлер», - дейді ұлттық компаниядан.
Сондай-ақ хабарламада Қазақстанға саяхаттаушылардың дені Ресейден келгені (15 мың адам) айтылған. Одан бөлек, Өзбекстан, Үндістан, ҚХР, Түркия, Германия және Ұлыбританиядан келген меймандар бар.