Тележүргізуші қалыңмалға 50 мың доллар сұрады
Тележүргізуші қалыңмалға 50 мың доллар сұрады
1,127
оқылды
Елге белгілі тележүргізуші Диана Қырықбай әлеуметтік желіде оқырманының сұрақтарына жауап бере отырып, қандай азаматқа тұрмысқа шыққысы келетінін, қалыңмалға қанша ақша сұрайтынын сөз етті. Оның айтуынша, өмірде байлықтан да маңызды дүние бар.
– Тек байлық керек болса, баяғыда-ақ ақшалы жігіттердің біріне тұрмысқа шығып кетер едім. Өмірдегі бар мақсат – тұрмысқа шығу емес. Олай таяз ойламаңыз. Өмірде байлықтан да маңызды дүниелер бар, – дейді Диана Қырықбай.
Ал «қалыңмалға қанша сұрар едіңіз?» деген сұраққа Диана «нақтысын білмедім, мүмкін 50 мың доллар шығар...» деп жауап берген. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Диана Қырықбай "әнші Димаш Құдайбергенмен етене жақын араласады" деген қауесет шыққан. Бұл жайында тележүргізушіден сұрағанда «Еһ, сүп-сүйкімді балаларды дүниеге әкелер едік» деп жауап берген. 365info.kz