Айтыскер ақын жаңа қызметке тағайындалды
Айтыскер ақын жаңа қызметке тағайындалды
©zhanaqorgan-tynysy.kz
20,087
оқылды
Айтыстың ақтангері Әбілқайыр Әбілпаттаұлы Сыздықов жаңа қызметке кірісті. Бұл туралы журналист Берік Бейсенұлы фейсбук парақшасында жариялады. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, «Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты», «Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы», айтыс ақыны Әбілқайыр Әбілпаттаұлы Сыздықов Жаңақорған ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметіне кірісті. «Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов айтыстың аламаны Әбілқайыр Сыздықовқа сенім артты. Әбекең аудандағы мәдениет саласының мәселелерін толыққанды білетін азамат қой. Әбеке, құтты болсын! Жаңақорған жайнап, мәдениетіміз өсіп, өркендей берсін!», – деп жазды ол.