Қызылордалық полицейлер жаппай төбелесті тоқтатып, 18 адам ұсталды
Қызылордалық полицейлер жаппай төбелесті тоқтатып, 18 адам ұсталды
792
оқылды
Қызылорда полицейлері төбелесті тоқтатып, полиция бөліміне 18 адамды жеткізді, деп хабарлады Polisia.kz.
Әлеуметтік желіде қала көшелерінің бірінде болған төбелестің бейнежазбасы жарияланды. Оқиға орнына полиция жасағы мен жедел-тергеу тобы шұғыл жеткен.
"Жедел шаралардың арқасында зардап шеккендер болған жоқ. Полицияға шағымдар мен өтініштер түскен жоқ", - деді жергілікті полиция басқармасы.
Полицияның мәліметінше, оқиға Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі "бұзақылық" бойынша тіркелді, тергеу жүріп жатыр.
Айта кетері, бұл баппен айыпталғандар 2 000 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді (2023 жылы АЕК мөлшері – 3 450 теңге) немесе 600 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сондай-ақ 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.