2023 жылғы 6 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Өзіндік қауіпсіздік департаменті Алматы полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, жолда жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмау мақсатында өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қазіргі қызметкері ретінде таныстырған 1987 жылы туған азамат Ұлан Райды әшкереледі.
Құжаттарды тексеру барысында құқық бұзушы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті қызметкерінің жалған қызметтік куәлігін көрсеткен.
Азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметтік куәліктерді қолдан жасау ҚР Қылмыстық Кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратынына назар аударады. Осы азаматтың қатысуымен құқыққа қарсы іс-қимыл фактілері бойынша қандай да бір ақпарат болған жағдайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына 1424 немесе 8 (7172) 90-94-08 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.