Қазақстанда -43 градусқа дейін аяз болады
Қазақстанда -43 градусқа дейін аяз болады
Фото: smotrim.ru
4,393
оқылды
«Қазгидрометтің»  хабарлауынша, солтүстік антициклоны Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге қарай жылжиды. Сондықтан саршұнақ аяз сақталады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар жауады. Ауа температурасы батыста түнде 27-35, күндіз 15-25 аяз, республиканың оңтүстік-батысында түнде 12-23, күндіз 5-15 аяз, солтүстік-батыста және солтүстікте түнде 32-40 аяздан 20-30 аязға дейін, күндіз 27-35 аяздан 13-22 аяз болады. Орталықта негізгі фон түнде 35-40, өңірдің оңтүстігінде 25-30 аяз, күндіз 20-30 аяздан 15-26 аязға дейін, шығыста ауа температурасы түнде 20-33 аяздан 30-43 аязға дейін, күндіз 15-23 аяздан 23-33 аязға дейін суытады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 10-20 аяздан 20-31 аязға дейін, күндіз 8-16 аяздан 12-23 аязға дейін төмендейді.