Ақмола облысында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған жасөспірім іздестірілуде
Ақмола облысында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған жасөспірім іздестірілуде
493
оқылды
Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 16 жасар жасөспірім іздестірілуде, – деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Щучье қаласында 2007 жылы туған Руслан Тұрлыбекұлы Зарубин 7 қаңтарда түнгі сағат 02:20 шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. 8 қаңтарда анасы Бурабай аудандық ПБ өтінішпен жүгінен. Әйелдің сөзінше, ұлы қарға көлігі батып қалған досына көмектеспекші болып, үйден шығып кеткен. Ұлы бірнеше рет телефон соғып, жақын арада үйіне келетінін айтқан, алайда кейін ұялы телефоны өшіп қалған.
«Жасөспірімнің орналасқан жерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларын қолға алып, колледждердің жатақханалары, қонақ үйлерді тексерді, кәмелетке толмағанның таныстары мен достарынан сұрастырды. Жоғалған жасөспірімді іздеуге ПД бөлімшелері, Бурабай аудандық ПБ, патрульдік полиция бөлімшелері, Бурабай курортындағы желілік полиция бөлімшелері, жұртшылық және өзге де күштер бағытталды», – деді ведомстводан.
Осы ретте, тәртіп сақшылары жоғалған адамды көрген және жүрген жерін білетін адамдар болса, 102 арнайы желісіне қоңырау шалуын сұрайды. Жасөспірімнің бойы шамамен 155-160 см, көк көзді.