Былапыт сөзге жаза күшеймек
Былапыт сөзге жаза күшеймек
© ult.kz
856
оқылды
Елімізде енді қоғамдық орындарда былапыт сөз айт­қандардың әрекеті «ұсақ бұзақылық» деп танылып, айыппұл түрінде не қамауға алу түрінде жаза қатайтылуы мүмкін.
«Әкімшілік құқық бұзу­шы­лық кодексінің жаңа редак­ция­сында қоғамдық орындарда бы­лапыт сөздер айту, жеке тұл­ғаларды қорлау және оларға қысым көрсету, ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жай­ларды, ортақ пайдалану орын­дарын, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және айналасындағыларға құр­метпен қарамайтын, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұза­қылық болып саналады», – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасы басшысының орын­басары Азамат Күрімбаев жур­налистерге берген брифингте.
Қазір ұсақ бұзақылыққа 5 АЕК – 17 250 теңге айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамау түріндегі жаза тағайындалады. Ал жаңа редакция бойынша 20 АЕК, яки 69 мың теңге айыппұл және 5-30 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған. Түзетулер алғашқы ресми жа­рияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.