Жетісу облысында 3 айлық қызды 6 жасар туған ағасы пышақтап өлтірген
Жетісу облысында 3 айлық қызды 6 жасар туған ағасы пышақтап өлтірген
Фото: Sputnik / Владислав Воднев
397
оқылды
Жетісу облысындағы Жаркент қаласында 6 жасар бала қарындасын пышақтап тастады, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Оқиға 10 қаңтарда болған. 6 жасар бала өзінің 3 айлық қарындасын үш жерден пышақтап тастаған. Алған жарақатынан нәресте көз жұмды. Қыз төрт ұлдан кейінгі отбасының көптен күткен баласы болған. Үлкен екі ұл – студент. Анасы үшінші ұлын мектепке алып кетіп, үш айлық нәресте мен 6 жастағы төртінші ұлын үйге тастап кеткен. «Неге бұлай істедің?» деген сұраққа 6 жастағы бала «ол жылап мазамды алды» деп жауап берген. Баланың ешбір психикалық ауытқуы жоқ, 1-сыныптың оқушысы. «Жаркент қаласында жаңа туған балаға пышақ жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етілмейді», – деп мәлімдеді Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.