Атырауда есірткі саудасымен айналыспақ болған Қырғызстан азаматтары ұсталды
Атырауда есірткі саудасымен айналыспақ болған Қырғызстан азаматтары ұсталды
399
оқылды
Қырғызстан елінің 2000 және 2002 жылы туған азаматтарынан 1 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Күдіктілердің айтуынша, олар есірткі затын такси арқылы Шымкент қаласынан тасымалдап әкеліп, интернет арқылы сатпақ болған. Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталып, қамалды. Қажетті сот сараптамасы тағайындалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды" делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте. Еске сала кетелік, 9 қаңтар күні Атырау облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру операциясын жүргізген.  

Баян Жанұзақова.