Қазақстанда ет қымбаттап жатыр
Қазақстанда ет қымбаттап жатыр
Фото: kaz.elorda.info
580
оқылды
Energyprom.kz-тің мәліметінше, былтыр желтоқсанда ет бағасы бір жылда 16,6 процентке өсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Өңірлер бойынша, әсіресе, ет бағасы Маңғыстау облысында 22,6 процентке бір-ақ көтерілген. Павлодар (21,7 процент) және Солтүстік Қазақстанда (21,5 да баға жоғарылаған. Ұлытау облысында 9,7 процентке өсті. Ет пен құс еті – 15,4, шұжық өнімдері – 22,2, ет өнімдері 15,9 процентке қымбаттады. Ет өнімдерінің ішінде құс еті – 29,4%, жылқы еті – 16,7, %, шошқа еті – 14,3%, қой еті – 12,9%, сиыр еті 10,1%-ке өсті. Пісірілген шұжық – 23,6%, ысталған шұжық 22,2 %-ке көтерілді. Айта кетейік, жылқы саны бір жылда 12,1%-ке артып, 3,7 миллион басқа, түйе 8,6%-ке өсіп, 260,5 мың басқа, ірі қара 5,2%-ке көбейіп, 8,5 миллион басқа, қой 4,4%-ке артып, 19,6 миллион басқа, құс 1,1%-ке көбейіп, 50,8 миллион басқа жетті. Бұған дейін сүт өндіретін кәсіпорындардың бағаны көтергенін жазған болатынбыз.