Балқаш маңындағы жабық тасжолда полиция қызметкерін итеріп жіберген жүргізуші қамауға алынды
Балқаш маңындағы жабық тасжолда полиция қызметкерін итеріп жіберген жүргізуші қамауға алынды
789
оқылды
Балқаш маңындағы жабық тасжолда қарағандылық полиция қызметкерлеріне бағынбаған жүргізушіні Астана соты қамауға алды. Астана әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алдында резонанс тудырған видеоның кейіпкері 31 жастағы елорда тұрғыны жауап берді. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтың 667-бабы 1-бөлігі "Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау" бойынша хаттама толтырылғаны хабарланды.
"Қарағанды ​​облысы ІІД Балқаш полиция бөлімінің қызметкерлері полицияға бағынбай, жұмысына кедергі келтірген астаналық 31 жастағы жүргізушіні анықтады. Бұл жағдай ауа райының қолайсыздығынан Алматы-Екатеринбург тасжолы жабылған кезде болған. Құқықбұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Материал оның тұрғылықты жері бойынша соттың қарауына жіберілді. 13 қаңтарда елорданың әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ер адамды 24 сағатқа қамауға алды", –  деді Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.
Ал заңгерлер жүргізушіге тым жұмсақ таңдалды деп санайды.
"Менің ойымша, бұл жағдайда "Құқық қорғау органының өкіліне қатысты өмірге қауіп төндірмейтін күш қолдану" бабы бойынша қылмыстық құқықбұзушылық бар. Біздің тәжірибемізде бұдан да кішігірім оқиғалар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жағдайлар болды",– деді Қарағанды ​​облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Ерлан Шолахов.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды ​​облысында оқиға куәгерлері полициямен күштеп таласып, жабық тасжолға шығып кетпек болған көлік иелерін видеоға түсіріп алған болатын.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Караганда | Новости | Дороги (@dorogi_karagandy)