Қазақстанның бірқатар өңірінде 36 градусқа дейін аяз болады. Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де ауқымды антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республиканың шығысында, солтүстігінде, орталығында атмосфералық фронтал бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, жаяу бұрқасынмен жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстігінде тұман күтіліп отыр.
"Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 31-36 градус өте қатты аяз сақталады. Алматы, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-32 градус қатты аяз күтіліп отыр", – делінген хабарламада.