ШҚО-да 6 ай бұрын жоғалған әйелдің денесі табылды
ШҚО-да 6 ай бұрын жоғалған әйелдің денесі табылды
589
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында 6 ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 47 жастағы әйел 2022 жылдың тамыз айының ортасында кешкі уақытта жұмыстан шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен. Хабар түскен соң тәртіп сақшылары мен еріктілер әйелді іздеуге жұмылдырылды. Алайда оны табу мүмкін болмады. Әйел адам Ұлан ауданы Бозанбай ауылында тұрған.
«2023 жылдың қаңтарында жоғалған әйелдің денесі табылды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабымен (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды» делінген ақпаратта.