Түркістанда полицейлер өзіне қол салмақ болған тұрғынды құтқарып қалды
Түркістанда полицейлер өзіне қол салмақ болған тұрғынды құтқарып қалды
230
оқылды
Түркістан облысының полицейлері өзіне қол салмақ болған тұрғынды құтқарып қалды. Оқиға Ордабасы ауданында болған. Жедел шақырту бойынша оқиға орнына барған учаскелік полиция инспекторы Нұрислам Сырманұлы мен тағылымдамадан өтуші Жолдас Оразхан сарайдың ішінде жіпке асылып тұрған ер адамды құтқарып қалды. «Ерлі зайыптылар арасында болған жанжалдан соң, жолдасы үйден шығып кеткен. Ауланы түгел қарап шыққан полицейлер, сарайдың ішіне кіргенде, жіпке асылып тұрған үй иесін көреді. Бірден сөзге айналдырып келіп, денесінен құшақтап көтеріп алған. Сол сәтте байлаулы тұрған арқанды да кесіп үлгерген. Ерлі-зайыптылар полиция бөліміне жеткізіліп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.