Бүгін Мәжілісте «AMANAT» фракциясының мүшесі, депутат Бақытбек Смағұл Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Депутаттың айтуынша, батыр бабаларымыз қазақтың әрбір сүйем жерін жанқиярлықпен қорғап, ұрпаққа мұраға қалдырды.
Сондықтан Бақытбек Смағұлдың ұсынысы мынадай:
ҚР ҰҚК ШҚ Абай облысы Үржар ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Ақшоқы» шекара бөлімшесіне «Ер Жәнібек батыр» атындағы;
«Бұлақты» шекара бөлімшесіне «Қабанбай батыр» атындағы;
Алматы облысы Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Рабат» шекара бөлімшесіне «Қалыбек батыр Мамадайырұлы» атындағы;
«Қаскелең» шекара бөлімшесіне «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев» атындағы;
«Жамбыл» шекара бөлімшесіне «Борис Төкенұлы Керімбаев» атындағы;
«Қайырған» шекара бөлімшесіне «Райымбек батыр» атындағы;
Атырау облысына қарасты «Сазды» шекара бөлімшесіне «Хиуаз Доспанова» атындағы;
Батыс Қазақстан облысына қарасты «Қосөзен» шекара бөлімшесіне «Мәншүк Мәметова» атындағы;
Жетісу облысы Панфилов ауданы бойынша «Қарақұм» шекара бөлімшесіне «Тұрғанбек Стамбеков» атындағы;
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне қарасты «Қасқат» шекара бөлімшесіне «Кенесары хан Қасымұлы» атындағы;
«Ақыш» шекара бөлімшесіне «Ағыбай батыр» атындағы;
Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты «Тобыл» шекара бөлімшесіне «Бөгенбай батыр» атындағы;
«Кеңарал» шекара бөлімшесіне «Шоқан Уәлиханов» атындағы;
Ақтөбе облысы бойынша департаментіне қарасты «Жайсан» шекара бөлімшесіне «Есет батыр» атындағы;
«Жиренқопа» шекара бөлімшесіне «Қобыланды батыр» атындағы;
Қызылорда облысы бойынша департаментіне қарасты «Төрешқұдық» шекара бөлімшесіне «Келменбет батыр» (Келмембет Келдібайұлы) атындағы;
Түркістан облысы бойынша департаментіне қарасты «Тұрбат» шекара бөлімшесіне «Қойгелді батыр» (Қойгелді Сартұлы) есімін беруді сұрады.