Ажырасып кеткен – Стамбұлда төркінімен қыдырып жүрген жас әнші сөзге қалды
Ажырасып кеткен – Стамбұлда төркінімен қыдырып жүрген жас әнші сөзге қалды
2,315
оқылды
Екі ай бұрын тұрмысқа шыққан танымал әнші Гүлмира Ізбасханова туыстарымен Түркияның Стамбұл қаласында демалып жүр. Келін болған әншінің бұл қыдырысы көпшілікті ойландырып қойды. Ел арасында "еркекшора" атанып кеткен Гүлмира Ізбасханова яхтада жүрген сәтін өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда әншінің анасымен және аға-әпкелерімен қыдырып жүргенін көруге болады.
"Гүлденген әлем, Стамбұлдан сәлем. Сіздерге жұғысты болсын! Менің баға жетпес аға-әпкелерім", – деп жазды әнші.
Гүлмира Ізбасханова 2022 жылдың қарашасында келін болған еді. Бірақ ол күйеуін әзірге көпшілікке көрсетпей, жеке өмірін құпия сақтап келеді. Ал желі қолданушылары келіндік қызметін атқарудың орнына қыдырып жүрген әншіні сынап, түрлі пікір жазып жатыр.
"Ажырасып кеткен бе? Өткенде ғана құлағына сырға салынып, келін атанды емес пе?", "Келіндік қызметі қайда қалды сонда? Осылардың өмірі рахат, әйтеуір", "Күйеуіңіз қайда?", "Маған осы қыз мүлдем ұнамайды", "Күйеуін тастап кеткен шығар, әйтпесе қасында жүрер еді ғой" деп жазды желідегі жұрт.