Екібастұзда көшеде үсіп қалған әйелдің кім екені анықталды

Екібастұзда көшеде үсіп қалған әйелдің кім екені анықталды
© inbusiness.kz

Екібастұзда көшеде үсіп қалған әйелдің жеке басы анықталды, – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.  

Сараптаманың нәтижесі бойынша 57 жастағы әйел адам аяздан үсіп қайтыс болғанын көрсетті.

«Әйелдің жеке басы анықталды. Ол 1966 жылы туған Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты», –  деп хабарлады облыстық Полиция басқармасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 12 қаңтарында Беркімбаев көшесінде денесінде зорлық-зомбылық сыртқы белгілері жоқ белгісіз әйелдің денесі табылды.

Облыстық Полиция департаменті бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған болатын.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.