«Қазгидромет» 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны ықпал ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек күндіз республиканың шығысында атмосфералық бөліктердің өтуіне байланысты аздаған қар жауады, оңтүстігінде жел күшейеді, тұман түседі.
Алматы облысының солтүстігінде, шығысында түнде -25 градус аяз болуы мүмкін.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-батыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -23-25, күндіз -9-11 градус аяз болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -14-16, күндіз -4-6 градус болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз 0-2 градус болады.