600-ге жуық елді мекен су астында қалуы мүмкін
600-ге жуық елді мекен су астында қалуы мүмкін
5,307
оқылды
Көктемгі су тасқыны кезінде 600-ге жуық елді мекен су астында қалуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». Олар негізінен Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында орналасқан. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында айтылды. Жалпы ішкі істер министрлігі 7 облыстағы ахуалды жіті назарда ұстап отыр. Мамандардың айтуынша, биыл еліміздің кей аймағында қар жылдағыдан 80 процентке дейін көп жауған көрінеді. Бұдан бөлек, Қазақстанның басым бөлігінде синоптиктер наурыздағы ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан жоғары болады деп болжап отыр. Сондықтан жиында техникалық дайындық мәселесі де пысықталды. – Теміржол бойынша біз былтырғы су тасқыны болған жерлерге қарап, 673 қауіпті учаскені белгіледік. 42 арнайы пойыз әзірледік. Автомобиль жолдары, теміржол бойынша бүкіл инерттік метериалдар дайын. Ол жанармай, құм, қиыршық тастар, - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев.