Аrtsport: биыл 560 мыңнан астам бала қамтылады

Аrtsport: биыл 560 мыңнан астам бала қамтылады
Фото: yandex.kz

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов балалардың спортпен, дене шынықтырумен тұрақты шұғылдануына жіті назар аударылатынын айтты. Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыс бойынша жұмыс жалғасын табады. Бұл туралы Aikyn.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты жалғастыру мақсатында 2023 жылы 560 мыңнан астам бала мен жасөспірімді қамту үшін жергілікті атқарушы органдардан 86,7 млрд теңге бөлінді», – деді министр Асхат Оралов.

Айта кетсек, 2022 жылы 4 жастан 17 жасқа дейінгі 400 мыңнан астам бала мен жасөспірім 13 мың спорт секциясы мен шығармашылық үйірмелерге тегін баруға мүмкіндік алды.

Спорт эмоциаларының бас демеушісі - 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.