Петропавлда 2 апта бұрын із-түзсіз жоғалған 23 жастағы қыз табылды
Петропавлда 2 апта бұрын із-түзсіз жоғалған 23 жастағы қыз табылды
Фото: pkzsk.info
1,252
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған 23 жастағы Петропавл тұрғынын тапты. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Мамлютка ауданының із-түзсіз жоғалып кеткен 23 жастағы тұрғыны Алена Пяткова туралы хабар тараған. Қыздың туыстары оны өз бетімен іздеп көрген. 16 қаңтарда олар аудандық ішкі істер бөліміне арызданған. «Қазір  Петропавл қаласының полицейлері із-түзсіз жоғалған қыздың мекенжайын анықтады. Одан жауап алынып, бұл туралы арызданушыларға хабарланды. Қалған мән-жайлар қазір анықталып жатыр», – делінген хабарламада.