Елімізде әскери борышын өтемеген 30 мың қазақстандық іздеуде жүр
Елімізде әскери борышын өтемеген 30 мың қазақстандық іздеуде жүр
Фото: ratel.kz
525
оқылды
Елімізде әскери борышын өтемеген 30 мың қазақстандық іздеуде жүр. Бұл туралы Қазақстан Қарулы күштерінің бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің офицері, подполковник Руслан Тапашев айтты.
"Биылғы дерек бойынша Қазақстанда (әскери борышын өтемей – автор) іздеуде жүргендер саны 30 мыңнан асады. 2022 жылы олардың саны 37 мыңнан асқан", – деді Руслан Тапашев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте әскери борышын өтемеген қазақстандықтарды жергілікті атқарушы органдар іздеп жатыр. «Жергілікті басқару органдары мен полиция жоспар құрып, азаматтарды іздестіріп, оларды әскерге шақыру пунктеріне жеткізеді», – деді подполковник.