Шымкентте құрт ауруын жұқтырғандар жиілеген
Шымкентте құрт ауруын жұқтырғандар жиілеген
507
оқылды
Шымкентте туберкулезбен науқастанушылар көбейген. Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының мәліметіне сәйкес, қалада өткен жылы туберкулезбен науқастанушылар саны 324 жағдайға жеткен. Бұл көрсеткішті 2021 жылмен салыстырғанда 15 жағдайға көбейгенін көруге болады. Яғни, 2021 жылы науқастанушылар  саны 309 болған. Кох таяқшасын жұқтыру балалар арасында да белең ала бастаған. Өткен жылы 14 жасқа дейін 23 бала туберкулезбен науқастанса, 15-17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 13 жағдай тіркелген. Вирус жұқтырған бүлдіршіндер ішінде ата-анасы екпеден бас тартқандар  бар.