©«Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК[/caption]
Бірінші қорғаннан екі әйел жерленген, ағаш қорапта жас әйелдің сүйегі анықталса, оның жанында жерлеу ғұрпына тән керамикалық ыдыс және үлкен қола айна табылған. Сонымен қатар әртүрлі зергерлік бұйымдар: қола шаш қыстырғыштары мен сақина бар. Бейіт шұңқырының қабырғалары арнайы әкелінген сұр балшықпен сыланған. Екінші қорғанда төрт метр тереңдікте ертеде талан-таражға түскен еркек қорымы болған. Жерленген адамның киіміне қатысты екі ерекше фрагмент кездеседі: бүркіттің геральдикалық позасы бейнеленген алтын тақта және жерленген адамның баскиімінің тұмсығын әшекейлеген алтын барыс мүсіні. Бұл қабірдің үстінде археологтер қабір құрылымының қалдықтарын, сондай-ақ қабірдің үстіндегі кеңістікті жауып тұрған қойманың сынықтарын тіркеді. Бұл қойма күйдірілген, бұл жерде оттың жанып жатқанын көрсетеді. Қазір табылған заттар музей төрінен орын алады. Осы сияқты Алматы музейінің археологтері көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізіп отырады.
Музейде қызмет ететін мамандарды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитеті және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттері дайындайды. Әл-Фaрaби aтындaғы Қaзақ ұлттық университеті «Археология, этнология және музеология» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы бойынша дайындаған білімгерлер теориялық білімдерін кәсіби іс-тәжірибе түрінде Алматы музейлер бірлестігінде шыңдайды. Оның айқын дәлелі – 3-курстан бастап тәжірибе ретінде студенттер осы бірлестік мекемелерінің біріне жұмысқа кіре алады. Сол арқылы екі мекеме арасында меморандум қабылданған. Бұл музейге келушілерге жан-жақты жағдай жасалған.
2017 жылы Алматы музейінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Мұражай баршаға арналған» жобасы жүзеге асырылды. Осы жоба аясында Алматы музейі ерекше қажеттіліктері бар адамдарға толығымен бейімделген. Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі жандар үшін музей қызметкерін шақыру үшін пандус пен түйме бар. Есту қабілеті бұзылған адамдар үшін Алматы музейі экспозицияға бейнебаян әзірлеген. Көзі көрмейтін және нашар көретіндер үшін Алматы музейінің экспозициясын көруге арналған мнемоникалық диаграмма орнатылып, ол рельефтік-графикалық элементтер мен Брайль қарпімен жасалған бағдарлау жазуларын біріктіреді, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудио нұсқаулықтары бар планшеттер қолданысқа дайын. Сондай-ақ зағип келушілер үшін тактильді экспозиция ұйымдастырылған. Қонақтар көрмені қолдарына ұстап, салмағын, құрылымын, көлемін бағалай алады. Аудиогидтық нұсқаулықтардың сериялық нөмірлері бар планшеттер, көрмелерге арналған жапсырмалар көру қабілеті нашар адамдар үшін брайль және үлкен шрифтпен көшіріледі. Сондай-ақ бедерлі нүктелік шрифтпен жасалған музейге арналған гидтер бар.
Осылайша, Алматы қаласы музейлер бірлестігі келушілердің қолжетімдігін арттыру мақсатында заманауи технологиялармен жабдықталған. Музейге келуші шетелдіктер және отандастар әлемдік izi.travel платформасы арқылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде аудиогид тыңдай алады. Сондай-ақ әр залда QR кодтары, визуалды және мнемо сілтемелері орнатылған. Экспозициялық залдар заманауи технологиялар – ақпараттық дүңгіршектер (cенсорлық киоск), LED экрандар, галограммалар, 3D-турлармен жабдықталған. Әлеуметтік желілерде де белсенді музейлердің бірі. Музей сайты да өз қызметін атқарады, сонымен қатар TikTok, Instagram, Facebook сияқты желілерде өз жұмысын жандандыруда. Көрермендерді тарту мақсатында музейдің құпия сырлары айдарлары арқылы музей экспонатын таныстырады. Алматы музейінде ақпараттық технологиялар жоғары деңгейде жұмыс атқарады.
Сонымен қатар танымдық тақырыптарға байланысты көрмелер жиі ұйымдастырылады. Бірлестік басшылығы қаладағы өзге мәдени, білім беру ошақтарымен өзара ынтымақтастық жөнінде мемориандумдарға қол қойып, дөңгелек үстелдер, онлайн экскурсиялар, танымал тұлғарды еске алу немесе кездесулер де ұйымдастырылады. Музейді салыстырмалы түрде Орталық музейдегі ғылыми еңбектердің томдық басылымдардың шығуы, ал Алматы музейінде көбінесе заманауи бағыттарда жұмыс істеу басым. Сол себептен де өз ұсынысым бойынша музейдің жетекшілігімен «Алматы тарихы – музейде көрініс табуы» атты еңбектің болуы тиіс. Сондай-ақ экспонаттар санының көбеюі де маңызды. Мәселен, «Этнография» залына Қазақ киіз үйіне байланысты және «Ортағасырлық Алматы тарихы» залдарына да мәліметтер беретін экспонаттармен толықтырылуы керек деп ойлаймын.
Алматы қаласының тарихын қайта жаңғырту біздің ортақ міндетіміз және өскелең ұрпаққа халқымыздың материалдық және рухани мұрасымен танысуға мүмкіндік береді. Алматы музейлер бірлестігіне келуші кез келген адам, өзі қалаған ақпаратпен таныса алады. Бұл музей – жергілікті тұрғындар мен қонақтарға толық қала тарихынан сыр шертетін мекеме. Болашақта мұнда ғылыми-инновациялық байланыстар одан әрі жетіліп, келушілер толассыз өседі. Бұл музейде тұрақты түрде көрмелер ұйымдастырылып тұрады, мысалы 2022 жылы 15-29 қараша аралығында суретшілер Бибігүл Смақова мен Гүлнар Табанованың «Арманға апарар жол» атты көрмесі өтті. Суреттермен қатар баскиімдер коллекциясы қойылған. Оған қызығушылардың саны күнделікті артуда. Сондай-ақ Алматы музейлер бірлестігі ұлттық құндылықтарды дәріптейтін орын ретінде танымал. Міне, осындай жәдігерлерді сақтау, оны насихаттау жұмысымен айналысатын музей мамандары киелі шаңырақта дайындалып, ел тарихы мен мәдениеті үшін игі қызмет етіп жүргені әл-Фaрaби aтындaғы Қaзақ ұлттық университеті «Археология, этнология және музеология» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының еңбектерінің жемісі деп білеміз.
Гүлжан Асанқызы МЕЙРМАНОВА, іл-Фaрaби aтындaғы Қaзақ ұлттық университеті Тарих факультетінің доценті, т.ғ.к.