Жауапкершілік жүгін сезінді
Жауапкершілік жүгін сезінді
566
оқылды
Еліміз тарихи өзгерістер дәуіріне қадам басты. Осы­нау тәуекелдер ке­зеңінде «AMANAT» пар­тияcының жауап­­кершілігі еселене түсті. Ендігі міндет – Президенттің Жолдауынан туған міндеттер мен сайлауалды бағдарламасын жүйелі түрде жүзеге асыру, «АМАNАТ» үшін сапалы жаң­ғыру кезеңі басталды. Мемлекет басшысының 3 тарау, 18 бағыт­тан тұратын сайлауалды тұғыр­намасында ел дамуының негізгі бағыттары нақтыланып, қо­ғамда қордаланған мәселелерді шешу жолдары белгіленген. Президент сайлауындағы халық сенімі бізге аманат жүгінің жеңіл болмайтынын дәлелдеді. Тарихи жауапкершілік деген ұғым әлі де таразыда тұр. Қыс­қасы, «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы саяси реформалар­ды жүзеге асыруда белсенді іс-қимыл танытуымыз керек. Өткен жыл партияның жан­дану және адамдардың партияға деген көзқарасын өзгерту жылы болғаны анық. Бұл орайда «АМАNАТ» партиясы басты қоз­­ғаушы күші ретінде бас­тауыш партия ұйымдарына сенім ар­тады. Қарағанды облы­сында партияның 33 мыңнан астам мүшесі 270 бастауыш ұйымына біріккен. 2022 жылы өңірде партия қатарына 2 215 адам мүшелікке өтті. Халықпен барлық жұмыс бастауыш ұйымдар арқылы жүргізіледі. Яғни, «АМАNАТ» партиясы бастауыш партия ұйымдарының сапалы жұмысы арқылы халықтық сипатқа ие болып отыр. Барлық идея сол жерде, бас­тауыш партия ұйымдарының жи­налыстарында, партия фи­лиалдарының конфе­ренция­ла­рында туындайды. Онда талдау жүргізіледі, құрамы қалып­та­сады, жоспарлар құры­лады және жүзеге асады. Пар­тияның жергілікті жерлердегі өмірі – мұның бәрі бастауыш ұйымдар. Сондықтан бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жан­дандыру маңызды. Облыстық филиал «Жер аманаты» және «Ауыл аманаты» жобаларын іске асыруға да ат­салысты. Өңірде ауыл әкім­дері­нің оқуы ұйымдастырылды. Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалануға бақылау күшейтілді. «Жер аманаты» жо­басы аясында облысымызда 1 млн 232 мың гектар ауыл ша­руа­­шылық жері қайтарылды. Бұл мақсаттағы ашық әрі бел­сенді жұ­мыстарымызға ауыл халқы, ша­руа­лар ризашылық білдіріп жатыр. Қарағанды облысындағы пар­тия филиалдарының жа­нында 77 Қоғамдық кеңес жұ­мыс істейді. Оның ішінде 9 об­лыс­тық және 68 аймақтық кеңес бар. 2022 жылы кеңес 385 отырыс өткізіліп, 495 мәселе қаралды, 868 ұсыныс әзірленді. Мұның барлығы тек уақыт өткізуге ба­ғытталған жиындар емес, жүйе­лі іс пен нақты шешімдер алаңы болғанын айтқым келеді. Былтыр партия филиал­да­рының қоғамдық қабылдау­ла­рына 3 мыңға жуық азаматтан өтініш келіп түсті. Олар не­гі­зінен әлеуметтік мәселелерге қа­­тысты. Өтініштердің 70 пайы­зы сол жерде шешілді, қалған­дары жергілікті атқарушы билік органдарына жолданды және партияның бақылауында. Партия үшін дәл қазір пар­тияның жергілікті жердегі сай­лауалды бағдарламасын жүзеге асыру. Партияның Қарағанды облысының сайлауалды бағ­дар­ламасы аясында кеншілер қа­ласында Yutong автобустары мен QazTehna ЖШС арнайы техника өндірісі іске қосылып, 404 жұ­мыс орны құрылды. Жалпы сомасы 14,1 миллиард теңге болатын 291 бірлік техни­ка шы­ғарылды. Облыс орталы­ғында «Технодом» сауда үйі ашылып, 60 жаңа жұмыс орны құрылды. Абай ауданы Дубовка ауылында 1 мың басқа арналған бордақы­лау алаңы салынды. Жаңа агро­өнеркәсіптік кешенде жылына 100 тонна ет өндіріледі. Қарағанды қаласының 11-шағынауданында 600 балаға арналған мектеп пен балаларға арналған 28 спорт алаңы орна­тылды, Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылында 100 орын­дық спорттық-сауықтыру ке­шені ашылды, 12 ауылдық округте жасанды жабыны бар футбол алаңдары орнатылды. Мұның барлығы жергілікті әкімдіктермен бірлесе отырып, халық игілігі үшін атқарылған жұмыстардың бір парасы ғана. Партия филиалдары мемле­кет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалануға қо­ғамдық бақылау да жүргізеді. Филиал «Жастар рухы» жас­тар қанатымен бірлесіп, өңірде жастар саясатына серпін беріп келеді. Қатарында 6 мың­нан астам жастар бар өңірдегі ең ірі жастар ұйымның бастама­сымен жыл басынан бері жалпы саны 5 мыңнан астам адамды қамти­тын 66 іс-шара өткізілді. Жас­тар­ды қолдау жөніндегі өңір­лік қоғам­дық кеңестің 3 отырысы өткі­зілді. Отырыстар­дың күн тәр­­тібінде жастарды алаңда­татын өзекті мәселелер қаралды.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, «АМАNАТ» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы