Елімізде 1 миллионнан астам адам кедейшілікте өмір сүріп жатыр
Елімізде 1 миллионнан астам адам кедейшілікте өмір сүріп жатыр
859
оқылды
2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен үй шаруашылықтарының саны бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 4,5% өсіп, 180,9 мыңға жетті. Бұл үй шаруашылықтарында 1 млн адам тұрды, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,9% көп. Ranking.kz мәліметінше, бір жыл бұрын осы кезеңде елде осындай төмен табысы бар 173,2 мың үй шаруашылығы (бір жылда 7,5% азайған) болған. Биылғы көрсеткіш былтырғы көрсеткіштен жоғары, бірақ 2020 жылғы «коронадағдарыс» кезінде ең жоғары көрсеткішке жеткен кездегіден төмен (187,2 мың үй шаруашылығы). Өңірлер бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен үй шаруашылықтары Түркістан облысында ең көп: 25,4 мың, бір жылда 1% азайған. Кедейлік шегінен төмен тұратын халық саны да осы өңірде: 191,1 мың адам. Түркістан облысынан кейін ең нашар көрсеткіштер Алматыда (15,9 мың үй шаруашылығы, бір жылда 3,1% азайған), Шымкентте (14,6 мың үй шаруашылығы, 26% көбейген), Маңғыстау (12,9 мың үй шаруашылығы, 21,3% көбейген) және Ақмола (12,6 мың үй шаруашылығы, 28,7% көбейген) облыстарында. Табысы аз үй шаруашылықтары ең аз өңірлер Ұлытау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында.