Шымкентте телефонды балға батырып, абақтыға өткізбек болған – видео
Шымкентте телефонды балға батырып, абақтыға өткізбек болған – видео
Фото: polisia.kz
858
оқылды
Шымкент тұрғыны телефонды балға салып, колонияның ішіне өткізбек болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, 25 жастағы ер адам Шымкенттегі қауіпсіздігі орташа колонияға бал салынған банка берген. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Аслан Оразаметовтің айтуынша, сәлемдеме жіберетіндердің айла-тәсілі көп.   https://youtu.be/erEyJQLFLTQ Жазасын өтеп жатқан адамға сәлемдеме әкелген ер адам өзін ұстамды, сенімді етіп көрсеткен. Бірақ балдың банкаларын тексергенде, ер адам қобалжыған. Содан кейін пластикалық банка мұқият тексерілді. Банканың түбін қолмен ұстағанда түбі біркелкі емес, кейбір жері жұмсақ екені байқалған. Жедел уәкіл банкадағы балды пакетке құйды. Банканың екінші түбі анықталып, онда оралған 3 жаңа ұялы телефон мен 3 SIM-карта табылған. Жас жігіт екі осындай екі банкамен 6 телефон мен 6 SIM-картаны өткізуге тырысқан. Материалдар жинақталып, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Енді 25 жастағы ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша 10 АЕК-ке (34500 теңге) дейін айыппұл салынуы мүмкін.