Тоқаевтың тапсырмасы: Қазақстанның құтқарушылары Түркияға аттанды
Тоқаевтың тапсырмасы: Қазақстанның құтқарушылары Түркияға аттанды
667
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Алматыдан жолға шықты. Алапат жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    width= Борт бірінші кезекте Газиантеп қаласына барады. Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері бар.    width=   ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.    width= Құтқару жұмысын жүргізуде көпжылдық тәжірибесі бар құтқарушыларда қажетті жабдықтар бар.  width= Түркияның жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны әлі де көбейіп жатыр.