«Айқын-Литер» ЖШС Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды үздіксіз насихаттайды
«Айқын-Литер» ЖШС Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды үздіксіз насихаттайды
Фото: exk.kz
474
оқылды
«АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС-на кезектен тыс сайлауға қатысу үшін партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарға «www.aikyn.kz», «www.liter.kz» және «turkystan.kz»  сайттарында интернет алаңын ұсынуының жалпы шарттары  

19 наурыз 2023 жыл

«АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) – «www.aikyn.kz», «www.liter.kz» және «www.turkystan.kz» сайттарының меншік иесі (бұдан әрі – Сайт) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 104 Жарлығымен бекітілген 2023 жылғы 19 наурыздағы кезектен тыс сайлауға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарды (бұдан әрі – Кандидат) сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастыру үшін сайтқа интернет алаңын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабардар етеді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайлау алдындағы үгіті 2023 жылғы 18 ақпаннан (тіркеу мерзімі аяқталған кезден бастап) жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-ден кейін басталады және 2023 жылғы 18 мамырда жергілікті уақыт бойынша 00:00-де аяқталады, осылайша, үгіт материалдарын Сайтқа орналастыру 2023 жылғы 18 ақпанда сағат 18:00-ден  2023 жылғы 18 наурызда сағат 00:00-ге дейін жүзеге асырылады. Үгіт материалдарын орналастыру үшін Сайттағы интернет алаңдарын ұсыну Серіктестік пен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша  кандидат арасында жасалған үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет алаңын ұсыну туралы жазбаша шарт (бұдан әрі – Шарт) негізінде жүзеге асырылады. Кандидаттың Серіктестікпен жасалған шартқа қол қоюы саяси партияның уәкілетті тұлғасының немесе Парламент Мәжілісінің депутаттығына, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттың Серіктестіктен сайлау алдындағы үгітті жүргізуге байланысты көрсетілетін қызметтерді қабылдауға келісімі болып табылады. Интернет алаңың беру үшін Парламент Мәжілісінің депутаттығына, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидат Серіктестікке келесі ақпаратты Серіктестік басшысының атына жазбаша өтінішпен ұсынады: 1) үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет алаңын ұсыну жайлы жазбаша өтінішті күні мен уақытын беру. Өтініш  кандидаттар үшін әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір беру және оның келіп түскен күні арқылы кандидаттардың жазбаша өтініштері журналында кезектілік тәртібімен тіркеледі; 2) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттар үшін – кандидаттың Т.А.Ә.; 3) тұлғаның жазбаша өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжат, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттар үшін – (сенімхат,  жеке куәлік/паспорт, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттың куәлігі); 4) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері депутаттығына кандидаттар үшін – кандидаттың куәлігі. 5) сайтта алып отырған алаңның жоспарланған көлемі көрсетілген жазбаша өтініштің мазмұны, саны, көлемі, кестесі, желілік басылымның (Сайттың) атауы, үгіт материалдарын Сайтқа орналастырудың болжамды күні мен кезеңі. Осы ұсыныстардың негізінде Серіктестік шартқа қосымша болып табылатын техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, Интернет алаңдарын ұсынудың кестесін (медиа-жоспарын) белгілейді; 6) қағаздағы үгіт материалдары мәтінінің толық жазылуы (әрбір ұсынылған парақта кандидаттың қолы) және электрондық тасымалдағышта болуы; 7) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері депутаттығына кандидаттар үшін – кандидаттың жеке қолы. Жазбаша өтінішке сілтеме жасалған құжаттардың көшірмелері қоса беріледі. Үгіт материалдарымен бірге сол материалдарда суреті көрсетілген тұлғалардың рұқсаты жазба түрінде ұсынылуы керек, егер олар қайтыс болған жағдайда мұрагерлердің рұқсаты болуы қажет. Кәмелет жасқа толмаған балалардың суреті қолданылған жағдайда, олардың ата-анасы/асырап алушы/қамқоршысының жазба түріндегі рұқсаты қажет. Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігін Серіктестік жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен белгілейді. Кандидаттардан өтініштер бір мезгілде түскен жағдайда Серіктестік сол күні жеребе тастайды. Жеребе тастауға баспа материалдарын орналастыру кезектілігіне дау айтатын кандидаттар не кандидаттың мүддесін білдіретін уәкілетті тұлға және даудың тәуелсіз тарабы ретінде Серіктестіктің өкілі қатысады. Конверттер саны дауға қатысушылардың санына тең. Жеребе тастау аяқталғаннан кейін дауға қатысушылар мен Серіктестік өкілі жеребе хаттамасына қол қояды. Үгіт материалдары Серіктестікке баннерлер және/немесе мақалалар түрінде беріледі. Үгіт материалдары Серіктестікке пошта арқылы: reklama.liter@gmail.com. электрондық пошта мекенжайларына және/немесе электрондық тасымалдағышта қолма-қол Астана  қаласы, Д.Қонаев көшесі, 12/1, Р1 «АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС кеңсесі мекенжайы бойынша орналастыру күніне дейін 1 (бір) күнтізбелік күннен кешіктірмей (жұмыс уақыты ішінде сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін), мақалалар үшін – Word форматында, фотосуреттер үшін – JPEG, TIFF / баннерлер үшін – PSD , бейне үшін – MPEG 4 форматында ұсынылады. Ұсынылған үгіт материалдарын Серіктестік кандидаттың (журналистің, дизайнердің жұмысы) тиісті өтінімі бойынша бекітілген прайс-параққа сәйкес қосымша төлем үшін пысықтауы мүмкін. Кандидат үгіт материалдарын Сайтта жариялағанға дейін 4 (төрт) сағаттан кешіктірмей орналастыруға дайындалған үгіт материалдарын келіседі. Үгіт материалдарында (жарияланымдарда) қаржыландыру көздері туралы ақпарат, ақпарат берген тұлғаның тегі қамтылуы тиіс. Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі үшін жеке жауапты болады. Серіктестік, егер үгіт материалдарда республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құралымдар құру идеяларын қамтыса, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария ету, суицидті насихаттайтын, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық тәсілдері мен тактикасын ашатын ақпарат, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттау, порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы өнімдерді көрсетілген жағдайда, үгіт материалдарын қабылдаудан (жариялаудан) бас тартуға құқылы. Серіктестік басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда үгіт материалдарын жариялаудан бас тартуға құқылы. Кандидат Серіктестіктің талап етуі бойынша материалдардағы жоғарыда көрсетілген сипаттағы ақпаратты растайтын құжаттарды беруге міндетті. Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған кезде үгіт материалдарын басып шығару жүргізілмейді.   Үгіт материалдарын «www.aikyn.kz», «www.liter.kz» және «turkystan.kz»  сайттарына орналастыру тәулік бойы 24 сағат, аптасына 7 күн жүзеге асырылады. Тарату байланыс қызметтерінің техникалық шектеулері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырылады.   Үгіт материалдарын сайттарда орналастыру құны:    width= Үгіт материалдарын орналастыру Серіктестіктің төлемге ұсынған шоты негізінде шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде алдын ала төлем бойынша жүзеге асырылады. Төлем шартта және төлем шотында көрсетілген Серіктестіктің банктік деректемелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жазбаша өтініштерді Серіктестік осы Ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап 2023 жылғы 18 наурызға дейін, жұмыс күндері (сенбі, жексенбі, мереке күндерін қоспағанда) Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 12/1, Р1 «АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС кеңсесі, байланыс мекенжайы бойынша 10 сағат 00 минуттан – 17 сағат 00 минутқа дейін қабылдайды. Тел.: +7(7172)76-84-66, reklama.liter@gmail.com. Жазбаша өтініштер интернет байланысы арқылы қабылданбайды.  «АЙҚЫН-ЛИТЕР»  ЖШС