Ауа райына байланысты үш облыста жол жабылды
Ауа райына байланысты үш облыста жол жабылды
Фото: ТЖМ-нен алынды
2,940
оқылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 аймақта жол жабылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. KazAvtoJol-дың мәліметінше, сағат 10:00-дегі ақпаратқа сәйкес, 3 облыста қар, боран және жолдың нашар көрінуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Автожолдарда 337 техника мен 636 маман жұмыс істеп жатыр. Алматы облысында 2 учаске: – тіркемелі, жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін «Алматы-Өскемен» тасжолы, Қонаев-Шеңгелді учаскесі; – автокөліктің барлық түрі үшін «Алматы-Шелек-Қорғас» тасжолы Байсейіт-Қорғас арасы; Жамбыл облысында 1 учаске: – көліктің барлық түрі үшін «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолы, Кенен-Благовещенка арасы, (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) Жетісу облысында 2 учаске: – тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін «Алматы-Өскемен» тасжолы, Шеңгелді-Қарабұлақ арасы; – «Алматы-Өскемен» тасжолы, Қарабұлақ-Үшарал арасы.