ШҚО-да жол апаты болып, үш адам қаза тапты
ШҚО-да жол апаты болып, үш адам қаза тапты
291
оқылды
Жол апаты Өскемен-Рахман қайнары республикалық маңызы бар тас жолында орын алды. Бір адам оқиға орнында, тағы екеуі ауруханада көз жұмды.
Өскемен-Рахман қайнары республикалық маңызы бар тас жолында Топқайың және Катонқарағай ауылдары арасында ВАЗ-208 және Lada Granta көліктері соқтығысып, салдарынан ВАЗ-2108 көлігінде болған 87 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
"ВАЗ-2018 көлігінің 19 жастағы жүргізушісі және Lada Granta-дағы кәмелетке толмаған жолаушы Катонқарағайдағы ауруханаға жеткізілді, алайда олар да көз жұмды.ҚР ҚК-нің 345-бабы, 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылднады", делінген полиция хабарламасында.