Ішкі істер вице-министрі Петропавлда оқушыларды балтамен ұрған оқиғаның мән-жайын айтты
Ішкі істер вице-министрі Петропавлда оқушыларды балтамен ұрған оқиғаның мән-жайын айтты
Фото: tengrinews.kz
708
оқылды
Үкімет отырысында Петропавлдағы мектепте болған оқиға талқыланды. Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев оқиғаның мән-жайын баяндады. Кеше сағат 07.52-де Петропавл қаласының Полиция басқармасына №4 орта мектептің оқушылары жарақат алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жылдам жедел-тергеу тобы шұғыл жеткен.  Сағат 07.40-та сөмкесінде балта, пышақ және қолдан жасалған бетперде салынған 9-сынып оқушысын анықтады. Ол сағат 07.50-де 2-қабатта орналасқан дәретханада бетперде киіп, балтамен дәлізге жүгіріп шығып, 10-сынып оқушысының басынан екі рет ұрып, одан кейін 10-сыныпта оқитын қыздың иығынан 1 рет және басынан екі рет ұрған. Сол арада 9-сынып оқушысының басынан бір рет ұрған. Шабуыл жасаған баланы жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер ұстаған. Екі бала ауруханада жатыр. Бір баланы дәрігерлер тексеріп, үйіне қайтарды. Осы оқиғадан кейін мектептердегі қауіпсіздік мәселесі тексерілетін болды.